Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Құрылымы

Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры орынбасары Идрисова Кәмиля Самсинқызы

Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры орынбасары Идрисова Кәмиля Самсинқызы
Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының №133, 3 қараша 2025 жылғы бұйрығына сәйкес облыстық халық шығармашылығы орталығының директордың орынбасары қызметіне Идрисова Кәмиля Самсинқызы тағайындалды.

Идрисова Кәмиля Самсинқызы 1968 жылы 6 тамызда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылында дүниеге келген.

1988 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесін «Кітапханашы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1988 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылындағы аудандық кітапханада библиограф қызметінен бастаған.

1989–1990 жылдары Жаңаөзен қаласының орталық кітапханасында библиограф болып қызмет атқарды.

2003 жылдан бастап Ақтөбе қаласындағы Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында жоғары сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде жұмыс істеп, 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.

2012-2014 жылдар аралығында Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша жоғары білім алып, аяқтаған.

 Кәмиля Самсинқызы мәдениет саласындағы көпжылдық еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін бірнеше марапаттарға ие болды:
 2019 ж. — «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісі
 2020 ж. — Кәсіподақ ұйымының атынан «Еңбек даңқы» төсбелгіс
2021 ж. — «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісі
2024 ж.  — «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.