Семинарлар. Біліктілігін жетілдіру
практикалық семинар

Мұғалжар аудандық мәдениет үйінде мәдени-демалыс ұйымдарының қызметі мен клубтық құрылымдарының жұмысын, әдістері мен тәсілдерін жетілдіруге бағытталған практикалық семинар өтті. Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Мұғалжар аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен семинар-практикумға әдіскерлер, қалалық мәдениет үйлері мен ауылдық клуб меңгерушілері қатысты.