Семинарлар. Біліктілігін жетілдіру
Семинар-тренинг

7-8 шілде күндері Ақтөбе қаласында «Концерттік дыбыс режиссурасының практикалық курсы және заманауи жарық техникасының кіріспе курсы» тақырыптары бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылды. Облыстық халық шығармашылығы орталығының бастамасымен өткізілген танымдық шараға өңірдегі дыбыс операторлары, жарық беру мамандары қатысты.
Семинар-тренингті облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ләйла Омарова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал жиналғандарға халықаралық «The Spirit of Tengri» фестивалінің техникалық директоры, дыбыс инженері және «Самат шоу техник» компаниясының дыбыс инженері – Виктор Арестов, «Самат шоу техник» ЖШС-нің сату бөлімінің бастығы - Дмитрий Черников, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Самат шоу техник» компания филиалының жарық бойынша жетекші маманы - Мадина Атаханова теориялық және практикалық сабақтарын өткізді.
Екі күнге созылған басқосу барысында жарықтың, акустикалық жүйелердің түрлері, эквализация құралдары, динамикалық сигналды өңдеу, кроссоверлер және DSP, микрофондар (сипаттамалары және қолданылуы), микшерлік пульттер, т.б. туралы айтылды.
Облыс бойынша аталған шараға қатысқан 80 қызметкерге соңында арнайы сертификаттар табысталды.