Семинарлар. Біліктілігін жетілдіру
ӨҢІР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУЫ

11-13 қазан күндері Ақтөбе қаласында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастырумен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бағдарламасына сәйкес "Мәдениет саласындағы арт-менеджмент" атты мәдениет және өнер қызметкерлеріне арналған облыстық семинар-тренинг өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен өткізілген танымдық шараға өңірдегі сала мамандары.
Семинар-тренингті облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал жиналғандарға Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының директоры, өнертану ғылымдарының магистрі, «Тұран» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің мүшесі Серік Нұрмолдаев көрген-білгенімен бөлісті.
Үш күнге созылған басқосу барысында мәдениет саласындағы менеджмент, басшылар мен қызметкерлердің мінез-құлқы, тиімді командаларды қалыптастыру, сондай-ақ көшбасшылық, басқару стильдері, ынталандыру, т.б. туралы айтылды.
Облыс бойынша аталған шараға қатысқан 180 қызметкерге соңында арнайы сертификаттар табысталды.