Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Семинарлар. Біліктілігін жетілдіру

Ақтөбе қаласында облыстық мәдени-демалыс мекемелері қызметкерлеріне арналған біліктілігін арттыру курсы өтті

Ақтөбе қаласында облыстық мәдени-демалыс мекемелері қызметкерлеріне арналған біліктілігін арттыру курсы өтті
          2019 жылғы 4-12 ақпан аралығында Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің үздіксіз білім беру орталығының мамандары Ақтөбе қаласында мәдениет-демалыс мекемелерінің қызметкерлеріне арналған «Мәдени-тынығу жұмыстарының заманауи мәселелері» тақырыбында біліктілігін арттыру курсын өткізді.
          Курсты -  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің біліктілікті арттыру орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Илья Матвеевич Ломоносов және «Хореография және мәдени-тынығу жұмысы» кафедрасының аға оқытушысы Меңдігүл Есламғалиқызы Сұлтанова жүргізді.
         Тындаушылар курстарда мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру әдістемесін, театрландырылған қойылымдар режиссурасына  қатысты шығармашылық және тәжірибелік сабақтарды қамтитын: шеберлік-класс, тренингтер, топтағы жұмыстар, тәжірибемен алмасып, өзара пікір алмасты.
         Мәдени-демалыс мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға Сертификат беріліп, әдістемелік материалдар таратылды.