Семинарлар. Біліктілігін жетілдіру
«Мәдени-тынығу қызметі әдістемесін ұйымдастырудың қазіргі заманауи мәселелері» бойынша облыстың клуб қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының ақпараты
Бүгінгі уақыт талабы - мәдениет саласындағы клуб қызметкерлерге білімін үздіксіз жетілдіруді міндеттейді.
2018 жылғы 12-18 ақпан аралығында Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің біліктілікті арттыру және қайта даярлау Орталығы «Мәдени-тынығу қызметі әдістемесін ұйымдастырудың қазіргі заманауи мәселелері» тақырыбы бойынша облыстың клуб қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын өткізді.
Курсты - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің біліктілікті арттыру орталығының директоры, психология ғылымдарының кандидаты, профессор Илья Матвеевич Ломоносов және «Хореография және мәдени-тынығу жұмысы» кафедрасының аға оқытушысы Меңдігүл Есламғалиқызы Сұлтанова «Мәдени-тынығу қызметі әдістемесін ұйымдастырудың қазіргі заманауи мәселелері» тақырыбы бойынша жүргізді.
Клуб қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды тиімді жүзеге асыру, олардың тиісті кәсіби деңгейін қолдау, сондай-ақ өздерінің білімдері мен дағдыларын арттыруға бағытталған курсқа 35 клуб қызметкерлері қатысты.
Тыңдаушыларға мәдени бұқаралық шараларды кәсіби ұйымдастыру әдістемесі, театрландырылған қойылымдар режиссурасы мен драматургиясын қамтамасыз етудің көкейкесті мәселелері бойынша шығармашылық және тәжірибелік сабақтарды қамтитын бағдарламалар ұсынылды.
Қатысушылар лекцияларға үлкен қызығушылық танытып, жұмыс барысында туындайтын мәселелер бойынша сұрақтар қойды.
Жеті күндік біліктілікті арттыру курсын аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі Сертификат беріліп, әдістемелік материалдар таратылды.