Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Семинарлар. Біліктілігін жетілдіру

«Дыбыс режиссері» біліктілігін арттыру курсы

«Дыбыс режиссері» біліктілігін арттыру курсы
     2018 жылғы 18-20 маусым аралығында Облыстық халық шығармашылығы орталығында «Дыбыс режиссері» курсы өтті.
Курсқа Әйтеке би, Темір, Мұғалжар, Қобда, Ырғыз аудандары мен Ақтөбе қаласынан және А.Жұбанов атындағы музыка колледжінен дыбыс операторлары қатысты.
     Лекциялық және практикалық сабақтарды жүргізуге осы саланың кәсіби мамандары Сәкен Еркеғұлов пен Ербол Айтбаев шақырылды.
     Оқу барысында дыбыс режиссерлықтың теориясы мен практикалық әдістері, тыңдаушылар мен көрермендердің дыбыстарды қабылдауы, көпшілік-мәдени шаралар мен концерт кездеріндегі ерекшеліктері айтылды. Сонымен қатар, курсқа қатысушылар Өнер орталығында болып, ашық алаңда қойылған музыкалық аппаратуралардың жұмыстарымен танысты.
     Курс соңында қатысушыларға Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының мемлекеттік үлгідегі сертификаттары табысталды.