Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Семинарлар. Біліктілігін жетілдіру

«Клубтық мекемелер жұмысын ұйымдастырудағы жаңа талаптар» облыстық жылжымалы семинары

«Клубтық мекемелер жұмысын ұйымдастырудағы жаңа талаптар» облыстық жылжымалы семинары
     2018 жылғы 4 шілде күні Қарғалы ауданы Жосалы ауылдық клубы негізінде Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен аудандық мәдениет үйі аудан әкімдігінің қолдауымен «Клубтық мекемелер жұмысын ұйымдастырудағы жаңа талаптар» облыстық жылжымалы семинарын ұйымдастырды.
     Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткен шараның мақсаты - қазіргі заман талабына сай клуб жұмыстарында жаңа инновацияның қолданылуы, оларды кеңінен пайдалану, тұрғындарға мәдени  қызмет көрсетуді жақсарту, кәсіби біліктілігін көтеру, көркемөнерпаздар үйірмелерінің жұмысына бағыт-бағдар беру мен өзара тәжірибе алмасу.
     Семнардың жұмысына Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары І.Тынымгереев, ОХШО-ның директоры Л.Омарова, аудандық мәдениет үйлерінің директорлары мен әдіскерлері, ауылдық клуб меңгерушілері қатысты. Барлығы – адам.
     Шараны Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары Ізгілік Тынымгереев ашты. Ол өз сөзінде: аудан бойынша халыққа 10 клуб мекемелері қызмет көрсетсе, ал оның ішінде 61 үйірмелерде 600-ге жуық мүшелерінің бар екендігіне тоқталды. Ауданда клуб мекемелерінің жұмысын жаңғырту жүйелі жүргізіліп, олардың материалдық-техникалық базасының жақсарғандығын айтып өтті. 
     Жылжымалы семинардың бірінші бөлігінің бағдарламасында: «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын клубтық мекемелерде жүзеге асыру барысы туралы» - ОХШО директоры Ләйла Омарова, «Клубтық мекемедегі  мәдени шара сценарийі және клуб қызметінде жүргізуге  қажетті негізгі іс-қағаздар туралы» - мониторинг және әдістемелік бөлімше жетекшісі Алтынгүл Губайдулина, «Клуб қызметін, мәдени шараларды БАҚ пен әлеуметтік желілерде ақпараттандыру және насихаттау туралы» - мониторинг және әдістемелік бөлімшесінің редакторы Гүлнара Сейталина әдістемелік-практикалық сұрақтар бойынша сөз сөйледі.
     Көпшілік іс-шаралар: «Көше мерекесі» және «Ауыл клубындығы іс-қағаздар мен безендіру жұмыстары туралы» Ойыл, Қарғалы, Байғанин аудандық мәдениет үйлерінің қызметкерлері бөлісіп, пікір алмасты.
     Облыстық семинардың екінші бөлігінде: аудандық клуб мекемелері жұмысының міндетері мен атқарған жұмыстары және қызметкерлері туралы Қарғалы аудандық мәдениет үйінің әдіскері Мейрамбек Мысаев пен кәсіподақ ұйымының төрайымы Лидия Уварова тәжірибелерімен бөлісті. 
     Одан әрі Қарғалы аудандық клуб мекемелерінің «Үздік үйірме-2018» байқауы өткізіліп, халық шығармашылығын дамыту, тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдаланудағы ауылдық клубтардың рөлі мен орны, қатысушылардың көкейдегі көптеген сауалдары мен пікірлерін ортаға салу жұмыстары қортындыланды. Клуб мекемелерінде үйірме жұмыстарын жандандырумен қатар, салт-дəстүрді кеңінен насихаттайтын шараларға да аса мән беру қажеттілігі айтылып өтілді.
     Семинардың соңын Қарғалы аудандық мәдениет үйінің директоры Нұржан Есмурзин қорытындылады.
Қатысушылар Қарғалы ауданы Жосалы ауылдық клубының, оның ішінде орналасқан ауылдық кітапхана, өздері жасақтаған шағын музей қорымен, спорт залдың жұмысымен және өткізген байқаумен танысып, тәжірибе алмасып қайтты.