Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбында ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті

«Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбында ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
14-15 сәуірде Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттікакадемиялық филармонияның концерттік залында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбында ҚХАшығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті.

Қатысушылар халықтық вокал,
хореография және қазақ аспаптары бойынша шеберлік сыныптарына қатысты. Мәдениетқайраткерлерімен дәрістер, концерттер және шығармашылық кездесулер, фольклорды
дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел, өңірлерден келген қатысушылар үшінэкскурсиялар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Фестиваль салтанатты гала-концертпен аяқталып, онда лауреаттар мен жеңімпаздарға «Халық биі», «Халықәндері», «Халық аспаптары» аталымдары бойынша марапатталды.

???? Фестиваль қорытындысы бойынша облыстық халық шығармашылығы орталығы жанынан құрылған «Оксана» украинхалық хоры жүлделі 1 – орынға ие болса, «Сәйлан» ән мен би ансамблі жүлделі 2– орынға ие болды.

⚘ Әріптестерімізді жүлделіорындарымен құттықтай отырып, шығармашылық зор табыс тілейміз!
Шарықтай беріңіздер!