Жаңалықтар мен оқиғалар
23-сәуір Ұлттық кітап күніне орай «Ер Едіге» жыр мектебінің сенбілік «Жыр сағаты» аясында сайыс өтті

Бүгін Сағи Жиенбаев кітапханасында 23-сәуір Ұлттық кітап күніне орай «Ер Едіге» жыр мектебінің сенбілік «Жыр сағаты» аясында жыр мектебі шәкірттерінің арасында сайыс өтті.
Жыр мектебінің шәкірттері қазіргі таңда Шығармашыцлық академия мен Қазанғап атындағы музыка мектебінде, Облыстық халық шығармашылығы орталығында тәлім алуда. Сол мектеп оқушылары екі топқа бөлініп, өзара 5 номинация бойынша - терме, жыр, дәстүрлі ән, поэзия, күй жанрлары бойынша сайысқа түсті.
Мектеп шәкірттері осы жанрлардың қай қайсысына да бейім, жақсы меңгергенін көрсете білді. Бүгінгі өнер сайысында екі топтың да озық шыққан өнерлеріне баға беріліп, сайысты ары қарай да жалғастыру керектігін айтылды. Мұндай сайыстар жас өркендерді сахнаға тәрбиелеп, өнерін ары қарай да шыңдауға зор себеп.