Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Өңір басшысы Ақтөбе жұртшылығын Наурыз мейрамымен құттықтады

Өңір басшысы Ақтөбе жұртшылығын Наурыз мейрамымен құттықтады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы алаңындағы этноауылда Наурыз мейрамын ақтөбеліктермен бірге қарсы алды. Мерекелік іс-шараға жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазір әз-Наурыз күллі халыққа ортақ жалпыұлттық мерекеге айналғанын, оны ұлтына, дініне қарамастан барша жұртымыз ерекше күтетінін, бірге атап өтетінін айтқан болатын. Күні кеше Көкшетауда төртінші құрылтайда ұлттық бірегейлігімізді нығайту жолында төл мәдениетіміздегі Әз Наурыз мейрамының орны бөлек екеніне де ерекше тоқталды», – деп сөзін бастаған өңір басшысы Наурыз бірлік пен ынтымақтың, жаңару мен жақсылықтың символы екенін тілге тиек етті.
Облыс әкімі былтырғы жылдан бастапелімізде «Наурызнама» тұжырымдамасы енгізіліп, мейрам онкүндік форматында кең көлемде тойланып жатқанын сөз етті. Биыл да ақтөбеліктер ұлттық құндылықтарды дәріптеп, мерекені ерекше көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуда. Асхат Шахаров өңірдің жыл сайын даму қарқыны артып, халықтың әл-ауқаты жақсарып, түрлі маңызды жобалар жүзеге асырылып жатқанын айтты. Бұл жетістіктер – бірлігіміз бен ортақ еңбегіміздің нәтижесі.
«Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»,
– деп өңір басшысы сөзін қорытындылады.