Жаңалықтар мен оқиғалар
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Есіңе мені алғайсың» поэзия кеші

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Есіңе мені алғайсың» поэзия кеші Бүгін «Әдеп» халықтық тобының «50 жасқа 50 шара» жобасы аясында Сағи Жиенбаев кітапханасында “Есіңе мені алғайсың” атты поэзия кеші өтті. Сазды кеште аұиық ақын Мұқағали Мақатевтың әндері мен жырлары оқылып, ақын туралы естеліктер айтылды. Шараға Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Гүлімай Әбішқызы, қоғам белсендісі Райгүл Алданышқызы, жас қаламгер Әлихан Жақсылық, әнші Ержанов Ғарифолла, әнші Бағдат Балмағамбетова және жырсүйер жастар қатысып, ақын шығармашылығының тереңдігіне бойлады. Еркін микрофон форматында өткен кеште жастар жағы өлеңдерін оқып тамаша әсерге бөлесе, қаламы қарымды қаламгерлер шығармашылықтың қиын да қызықты тұстары туралы сөйледі. Поэзия кешіне қолдау білдіріп, шараның жоғары деңгейде өтуіне сеп болған Сағи Жиенбаев кітапханасы ұжымына алғыс білдіреміз!