Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Хромтауда 400 орындық мәдени-демалыс орталығы ашылды

 Хромтауда 400 орындық мәдени-демалыс орталығы ашылды
Ауданның 90 жылдығына орай хромтаулықтарға «Қазхром» ТҰК» АҚ компаниясы осындай сыйлық жасады. Өңір басшысы Асхат Шахаров жаңа мәдени орталықта өткен шарада Хромтау ауданының тұрғындарын мерейтойымен құттықтап, жастардың шығармашылығы мен дамуы үшін маңызды орталыққа айналатын жобаны іске асыруға белсенді қатысқаны үшін ERG компаниясының басшылығына алғысын білдірді.
 
«Мемлекет басшысы әрқашан ұлттың күші тек экономикалық әл-ауқатында ғана емес, оның рухани байлығында да екенін атап көрсетті. Мәдениет – халықтың жаны, оның жады және болашағы. Осы орталықты ашу арқылы біз әр адамға бай мәдени мұрамыз туралы жан-жақты оқып біліп, оның дамуына үлес қоса алатын кеңістік жасаймыз. Біз жұмысшы мамандықтар жылында өңіріміздің өркендеуіне еңбегі сіңген азаматтарды ерекше бағалаймыз. Осы мәдени-демалыс орталығы қала тұрғындарының сүйікті мекені, өнерді, шығармашылықты құрметтейтін, рухани дамуға ұмтылатындар үшін керемет орта болатынына сенімдіміз», - деді құттықтау сөзінде облыс әкімі Асхат Шахаров.
✅ Сондай-ақ, өңір басшысы былтырғы жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, оның болашағына оң баға бергенін еске салды.
«Бұл – ауданның келешегіне артылған зор сенім. Ендігі міндет – осы қолдауды ақтап, өңіріміздің қарқынды дамуын жалғастыру, жетістіктерді еселеп, жаңа белестерді бағындыру»,
- деп атап өтті әкім.
Мәдениет нысаны Ақтөбе облысының әкімдігі мен Eurasian Resources Group (ERG) арасында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру туралы меморандум аясында бой көтерді. Оның құрылысына топтың құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ 1,6 млрд. теңгеден астам қаражат бөлген. Ал жобаның жалпы құны – 1,8 млрд. теңге.