Жаңалықтар мен оқиғалар
Республикалық командалық айтыста Ақтөбе облысы жеңіске жетті

Қазақтың бас ақыны, ұлы Абайдың 180 жылдығына орай және жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Еңбек етсең ерінбей» атты Ақтөбе мен Маңғыстау облысы өнерпаздарының арасында командалық айтыс өтті. Ұлттық өнер сайысын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақтаңгер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай ашып жүргізді.
Мемлекет басшысы елдің мәдени мұраларын сақтап, рухани дүниетанымын өркендету ісіне үлкен мән беріп келеді. Бұл орайда «AMANAT» партиясы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында көптеген іс-шараны қолға алады. Соның бірі – қазақтың қасиетті өнері айтыс.
Осы жолы жыр додасына төрт ақын, жыршы, термеші, дәстүрлі әнші, күйші өнер көрсетіп, айтыс ақындары – сүре айтыс, қайым айтыс, түре айтыс, қыз бен жігіт айтысы түрлерінен сынға түсті. Әділқазылар алқасының шешімімен Ақтөбе өңірінің өнерпаздары бас жүлдені ұтып алып, Астанада өтетін республикалық ұлттық өнер айтысына жолдама алды.
Осылайша, ақындар айтысы көршілес облыстардың кешегісі мен бүгінін, сүбелі жетістіктерін насихаттап, айтыс ақындары мен дәстүрлі өнерпаздардың шығармашылық дамуына жағдай жасады.