Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Өнегелі өмірін мәдениет саласына арнаған Гүлнар Қартайқызы мерейлі 61 жаста

 Өнегелі өмірін мәдениет саласына арнаған Гүлнар Қартайқызы мерейлі 61 жаста
ГҮЛНАР ҚАРТАЙҚЫЗЫ өңіріміздің қандай да мәдени шарасы болмасын өзіндік қолтаңбасымен адал қызмет атқарған ауқымды шаралардың басы қасында жүріп шараның сапалы өтуіне атсалысқан бірден бір жанкешті жан.

Бүгін облыстық Сағи Жиенбаев атындағы кітапханасында Гүлнар Қартайқызының мерейлі жасына орай мерекелік кеш өткізілді. Кеште Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Алтынай Юнисқызының алғыс хатын басқарманың бөлім басшысы Назимат Бекқазықызы табыстап, зейнет жасына толған аға ұстаздың еңбегіне алғыс білдірді.

Шарада Гүлнар Қаратайқызының әріптестері, ұжымдастары, сондай-ақ балалары мен туыс-бауырлары қатысып, сөз сөйлеп игі тілектерін білдірді.

Ән – арнаумен әрленген кеште облысымызға абыройлы еңбек жолымен таныс Гүлнар Қаратайқызының иығына шапан жабылып, зор қошемет көрсетілді.

Гүлнар Қартайқызына зор денсаулық, отбасына амандық, абыройлы мәртебе тілейміз! Жасай беріңіз, жарқырай беріңіз!