Жаңалықтар мен оқиғалар
Дәстүрлі «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысында Нұрбол Жауынбаев жүлделі бірінші орынға ие болды!

Сүйінші, Нұрбол Жауынбаев «Айтыстың ақтаңгері» атанды!
«Төрлет, еңбек адамы» республикалық қорытынды ақындар айтысында өңірімізге танымал айтыскер ақын Нұрбол Жауынбаев @nurbol.berdimurat жүлделі 1- орынға ие болды. Сондай-ақ, алдына жан салмай ақтарыла айтысатын ақынға "Айтыстың ақтаңгері" атағы берілді.
Елдік пен бірліктің туын асқақтатқан жас ақын Ақтөбеде өткен командалық айтыста оралдық ақынды жеңіп, Ақтөбеге жеңіс сыйлаған болатын.
Еліміздің маңдайалды тұлғалары қатысқан республикалық айтыста көпшіліктің көзіне түскен жерлесіміз оза шауып, тамаша өнер көрсетті.
Жерлесіміздің жеңісіне қуана отырып, барша ақтөбелік қауымды жеңіспен құттықтаймыз!