Жаңалықтар мен оқиғалар
“Әнші балапан - 2024” облыстық балалар байқауы

“Әнші балапан - 2024” облыстық балалар байқауының 10-13 жас аралығындағы вокал жанры бойынша Бас жүлде ырғыздық Балтабай Наурызбайға бұйырды.
Ал, 7-9 жас аралығындағы жас әншілер арасынан озық шыққан мұғалжарлық Қалбекова Эльмира Бас жүлдеге ие болды.
Әнші балапан - 2024” облыстық балалар байқауының жыр-терме номинациясы бойынша “Ер Едіге” жыр мектебінің шәкірті Қазбек Хамитов Бас жүлдеге (150 000 теңге) ие болды.
Қазбек Хамитов байқауда “Мұса хан” жырын мүдірмей 10 минуттан аса уақыт орындап, өзгелерден озық шықты. Гала концерттің ашылуында да жырдан шашу шашып, көпшіліктің көңілінен шыға білді.
Ал, дәстүрлі ән жанры бойынша шалқарлық Әбдіқами Шолпан 1-орынға (100 000 теңге) ие болды.
Жыр-терме жанры бойынша 1 -орын Темірхан Жетесовке (100 000 теңге) бұйырды.