Жаңалықтар мен оқиғалар
Қос жұлдыз - Жанерке Абрахманова мен Ақерке Орынбайқызы Ақтөбеге жеңіспен оралды
“Қытай жастары” атты Қытай Жастар мәдениеті мен өнерінің халықаралық фестивалінің жүлдегерлері Жанерке Абрахманова мен Ақерке Орынбайқызы Ақтөбеге жеңіспен оралды.
Қытай астанасы Бейжіңде өткен жарыста Қазанғап музыка мектебінің оқушысы Жанерке Абдрахманова мен Әйтеке би ауданы, Ақтасты ауылының тумасы Ақерке Орынбайқызы ән жанры бойынша жүлделі 1 - орынды иеленген болатын.
Бүгін қос ақтөбелік жұлдызды Ақтөбе аэропортынан Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Гүлзира Теңізбайқызы, орынбасары Қайрат Жазбекұлы, 3-музыкалық мектеп ұжымы және Әйтеке би ауданы мәдениет бөлімінің басшысы Анар Абенова, отбасы жақындары күтіп алды.
Әлемдік деңгейдегі жұлдызды додаларда биіктен көрініп жүрген қос қарлығашымызды жеңісімен құттықтаймыз.