Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Әлихан Жақсылықтың «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» романы Лондондағы баспадан жарық көрді

Әлихан Жақсылықтың «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» романы Лондондағы баспадан жарық көрді
Жазушы, «Әдебиет. Рух. Қоғам» әдебиет байқауының жеңімпазы, «Таласбек» сыйлығының иегері Әлихан Жақсылықтың «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» романы Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ағылшын тіліне аударылып, Лондондағы баспадан жарық көрген болатын.

Кітаптың тұсаукесері Стамбулда өткен әнші Димаш Құдайбергеннің 30 жасына арналған «STRANGER» шоу-концертіне жиналған Димаш фан-достарының алдында кесілді. Әлемдік деңгейдегі концерттік кешке жиналған Димаш жанкүйерлері Әлиханның романымен танысып, жылы лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ, сапар барысында Стамбулдағы Қазақстан елшілігімен әдеби-мәдени ортақ шараларды ұйымдастыру барысы да талқыланды. Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Гүлзира Теңізбайқызы мен романның аудармасын жасаған Бақтыгүл Маханбетовалар бас елші Нуриддин Аманқұлмен кездесіп, екі ел арасындағы мәдени бірлестікті талқылады.
Айта кететін жайт, Әлиханның романы түрік тіліне де аударылу үстінде.
26 жасында «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болған жас жазушының еңбегіне зор жеңіс тілейміз!