Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

Қуанышгүл Серікбаева Белоруссияда!

  Қуанышгүл Серікбаева  Белоруссияда!
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Отандастар» коммерциялық емес қоры мен Ресей Федерациясындағы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының Төрағасы Сәуле Дулатидің шешімімен Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығының әншісі Серікбаева Қуанышгүл Беларусь Республикасында өтетін Халықаралық ұлттық мәдениеті фестиваліне жолданды.

Ол Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының мүшесі болып табылады. Ақтөбе облыстық мәдениет ,архивтер және құжаттама басармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығының қолдауымен екі ел арасындағы өзара мәдени ынтамақтастық пен трансшекаралық халықаралық жобаларға қатысып келеді.


Қуанышгүл Серікбаева «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалына қарасты халық шығармашылық орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының белсенді төрайымы.