Жаңалықтар мен оқиғалар
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні
Өңір басшысы Асхат Шахаровтың 4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күнінде сөйлеген құттықтау сөзінен:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Гимні мемлекетімізді күллі әлем алдында көк байрағымен ерекшелейтін биік құндылық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Көк байрағымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – күллі халқымызға қастерлі нышандар. Біз үшін тәуелсіздік – ең қымбат құндылық, ал туымыздың асқақ желбірегені – аса биік мәртебе» - деп атап өткен болатын.
Өңірімізде орын алған су тасқыны кезеңінде бір тудың астына бірігіп, татулығымыз бен бірлігімізді танытып, апатты еңсеруге бар күшімізді сала білдік.
Осы сәтте өңіріміздің көркеюіне атсалысқан барша ақтөбеліктерге шынайы ризашылығымды білдіремін.
Бүгінгі таңда ақтөбеліктер ғылым мен мәдениет және түрлі әлемдік спорттық додаларда жоғарғы жетістіктерге қол жеткізіп, көк байрағымызды желбіретуде.
Бұл сәт барша қазақстандықтың кеудесінде ерекше мақтаныш сезiмiн тудырады.
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану, оны кейінгі өскелең ұрпаққа насихаттау, жан-жақты түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуі тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның, яғни біздің ортақ міндетіміз.
Осы бір ерекше мереке күні әр отбасыға амандық, шаңыраққа береке тілеймін!
Мемлекетіміздің айбарын асқақтататын нышандар төрімізден түспей, тұғыры биік болсын!
Көк байрағымыз биікте желбіресін!