Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

"Ер Едіге" жыр мектебінің 3 жылдығына орай "Ашылды сөздің арнасы" атты есеп беру концерті өтті.

"Ер Едіге" жыр мектебінің 3 жылдығына орай "Ашылды сөздің арнасы" атты есеп беру концерті өтті.
Жыраулық өнерді дәріптеп, балалар мен жастарға үйретуде аталмыш мектеп оқытушыларының рөлі зор. «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, белгілі жырау Әділбек Сарин бастаған, фольклортанушы, Ғ.Құрманғалиевтің шәкірті Бөрібай Кәртен, ұстаз, жыршы-термеші Жеңіс Елемесов, Нұрпейіс Әбілхасандар ұстаздық етеді.
 
????️ Бүгінгі таңда жыр мектебіне 7-17 жас аралығындағы 55-ке жуық жас жыршы тегін тәлім алып келеді.

????️ Жыр кешінде ұрпақтар сабақтастығының көрінісі ретінде аға, орта және жас буын өкілдері шығып, жыршы-жыраулар мен халық ақындарының мұрасынан жырлады. Атап айтқанда, «Қобыланды батыр» жыр-дастанын, Мұрат Мөңкеұлының, Нұрпейіс Байғаниннің, Наурызбек жыраудың жыр-дастандарын жырланды.
 
????️ «Ер Едіге» жыр мектебінің көркемдік жетекшісі, жырау Әділбек Сарин «Жыл адамы – 2023» төсбелгісінің иегері. Көптеген республикалық, облыстық, аймақтық жыр байқауларының ұйымдастырушысы әрі әділқазы мүшесі.1620:43