Жаңалықтар мен оқиғалар
Мәдениет саласы қызметкерлері марапатталды
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Өнер орталығында өткен «Мәдениетім — мерейім» атты мерекелік шарада облыстың мәдениет саласына елеулі үлес қосқан қызметкерлер марапатталып, шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

— деді Г.Сүйінтаева.
Құттықтау сөзінен кейін мәслихат төрағасы бір топ адамға Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін, Құрмет грамотасы мен алғыс хатын, сондай-ақ облыс әкімінің алғыс хатын, басқа да марапаттарды табыстады. Атап айтқанда, Нұрлыбек Қалауов, Жансерік Таңқаев, Қарашаш Әбдірахманова, Лидия Уварова сынды ардагерлер «Еңбек ардагері» медаліне ие болды. Ал «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі Ақтөбе қалалық мәдениет үйінің «Сұңқар» вокалды ансамблінің жетекшісі Ләззат Медетоваға, Ырғыз аудандық «Арай» мәдениет үйінің әдіскері Үміт Шейтоваға, Ойыл ауданы Ақжар ауылдық кітапханасының қызметкері Назгүл Қазиеваға, облыстық тарихи-өлкетану музейінің суретшісі Орынбасар Төлегеновке, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының радиоцех меңгерушісі Жеңіс Ноғайбаевқа және басқа даазаматтарға табысталды.
Сондай-ақ салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалы бір топ мәдениет саласы қызметкеріне «Еңбек даңқы» төсбелгісі мен Құрмет грамотасын табыс етті.
Шара соңы Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония әншілері мен бірқатар шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасына ұласты.