Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

"ШАШУДЫҢ" АҚБҰЛАҚТАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ

"ШАШУДЫҢ" АҚБҰЛАҚТАҒЫ  ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІ
Қазақстан мен Ресейдің шекаралас өңірлері арасындағы ынтымақтастық негізінде Орынбор облысының Ақбұлақ ауданында көрермендердің жүрегін елжіреткен ақтөбелік Жетесовтердің "Шашу" халықтық отбасылық ансамблінің концерті өтті.
  Өнер ұжымының қайырымдылық концертінің өтуіне халыкаралық «Қазақ тілі» қоғамының Орынбордағы өкілдігінің төрағасы Сәуле Таикешева мұрындық болды. Сонымен бірге "Шашу" ансамблімен "Салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы" ҚБ облыстық филиалының төрағасы Назира Табылдинова барып, қолдау көрсетті.
  Ансамбль жетекшілері - жыршы, "Алаш арыстарының ізін жалғастырушы" төсбелгі иегері, Өмірхан Жетесов пен "Шапағат" медалінің иегері, ҚР мәдениет саласының үздігі Аманүл Ешпанова өздерінің 3 баласынан бөлек, 26 ұл-қызды бауырына басып, тәрбиелеп отырған өнегелі жандар.
  Қашан көрсең де әріптестеріміз Өмірхан мен Амангүл ел игілігіне қажетті жобалардың қасынан табылады. Ресейдің Ақбұлақ ауданында тұратын қаракөз көрермендеріміз "Шашудың" өнерін ыстық ықыласпен қабыл алып, алғыстарын жаудырды.
  Ал өнер иелері халық әндерін айтып, күйлерін тартып, қазақстандық композиторлардың шығармаларынан шашу шашты.
  Ансамбльдің дүркіретіп өткізген концерті барысында өнерпаздарға деген құрмет бір сәт те толастаған жоқ.