Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

АЙТЫС АҚЫНДАРЫ КІТАПХАНАДА БАС ҚОСТЫ

АЙТЫС АҚЫНДАРЫ КІТАПХАНАДА БАС ҚОСТЫ
Облыстық халық шығармашылығы орталығы және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында өңір ақындары бас қосты.
✅️Ерекше форматта өткен шараны облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Гүлзира Қалиева ашып, мақсаты мен алдағы жұмыс бағытын айтып өтті.
✅️Ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Нұрлыбек Қалауов рухани құндылықтарды бағалай білудің басты жолдарының бірі әдебиет пен өнерге көрсетілетін қолдау екендігіне тоқталып, жас ақындарға өңірде айтыс өнерінің дамуы жайында ақыл-кеңесін айтты.
✅️Өңірдегі айтыстың бүгіні мен ертеңі туралы пайымды ойлар айтылған бас қосуда ақындар төрт топқа бөлініп, “Білікті ұстаз, дарынды шәкірт” айдарымен ой жарыстырып, өзара сайысқа түсті.
✅️Облыстық халық шығармашылығы орталығы «Жас айтыскер» үйірмесінің жетекшісі Айболат Көшкінбай ұйымдастырған сайысқа Нұрлыбек Амандәулетұлы бастаған қазылар алқасы, сондай-ақ ақын, актер, композитор, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Ақтөбе әуендері» жергілікті сазгерлер бірлестігінің төрағасы Орал-Қосай Байсеңгір, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы облыстық филиалының төрағасы, ҚР мәдениет саласының үздіктері Марат Ахметов пен Оралбай Кометия өз бағаларын берді.
Қатысушылар ата-бабадан қалған ең үлкен мұра –халық ауыз әдебиеті екенін тілге тиек етіп қана қоймай, көкейде жүрген біраз мәселелерін ортаға салды.
Шара соңында ақындарға жазар жыры, айтар ойы сарқылмасын деген ізгі ниетпен сый-сияпаттар табысталды. Бір сөзбен айтқанда пайымды түйіндер жасалған бас қосу өз жалғасын таба бермек.