Жаңалықтар мен оқиғалар
ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Бүгін Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Гүлзира Қалиева іссапармен Қарғалы аудандық мәдениет үйіне барып, мәдени нысандар, соның ішінде ауылдағы клубтар туралы сөз қозғады.
Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Тілектес Шыңдаулова мәдениет үйінің жұмысымен таныстырды.
"Жас келсе – іске» дегендей Қарғалы аудандық мәдениет үйінің директоры Шапағат Аманжолдың қарамағында жұмыс істейтіндердің басым бөлігін жастар құрайды. Олар «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы арқылы келіп, жұмыс істеуде. Жас мамандар өте белсенді, шығармашыл, түрлі идеяны жүзеге асыруға әрдайым асық.
Мәдениет үйіндегі үйірмелерді және ерекше жандар клубының жұмысын атап өту орынды. Сонымен бірге сала ардагері Лидия Уварова бірнеше көркемөнерпаздар ұжымының басын қосып, шығармашылыққа баулып келеді.