Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

"Ұлттық-рухани құндылықтарды трансформациялау және коммерцияландыру жолдары» атты республикалық вебинар

"Ұлттық-рухани  құндылықтарды трансформациялау және коммерцияландыру жолдары» атты  республикалық вебинар
Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Филология факультетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлттық-рухани құндылықтарды трансформациялау және коммерцияландыру жолдары» атты
республикалық вебинар өтті.
  Офлайн/онлайн режимінде өткен вебинардың жұмысына ЖОО профессор-оқытушылары, ғалымдар, қаламгерлер, білім алушылар қатысты.
  Модераторы - Қ.Жұбанов атындағы АӨУ қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, "Абайтану және ұлттық руханият" ҒЗО жетекшісі, филология ғылымдарының докторы Абат Пангереев.
  Рухани құндылықтардың өзектілігі мен өміршеңдігі, оларды игертудің жаңа форматтары мен тәсілдері, коммерцияландырудың тиімділігі төңірегінде айтылған вебинар мазмұндылығымен ерекшеленді.
  Республикалық вебинарға Ақтөбе облыстық халық шығармашылық орталығы директорының орынбасары Гүлнар Сейталина қатысып, ойын айтып, пікір қосты.