Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

АРДАГЕР ӘРІПТЕСІМІЗ АРДАҚ ҚҰБАШЕВАҒА МҰНАЙШЫЛАР МАРАПАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

АРДАГЕР ӘРІПТЕСІМІЗ АРДАҚ ҚҰБАШЕВАҒА МҰНАЙШЫЛАР  МАРАПАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Мәдениет саласының ардагері Ардақ ҚҰБАШЕВА ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Медальді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов табыстады.
Сонымен бірге Ардақ Мұғалқызы "Мұнай-газ кешенінің ардагерлері" РҚБ Ақтөбе облысы бойынша филиалының басшысы А.Мамырбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
Ардақ Мұғалқызы - Ақтөбенің мұнайлы өңірі Кеңқияқ елдімекенінде мәдениет саласында ұзақ әрі тиімді еңбек етіп қана қоймай, бірегей жобалардың авторы атанды.
Бүгінде Ардақ Құбашева Кеңқияқтағы кен орындарымен тығыз байланыста және олардың мәдениет пен ауылдың өркендеуіне, сондай-ақ мерекелерді ұйым­дас­тыруға, аз қамтылған отба­сы­ларды қолдауға қайырымдылық жасауға өз үлесін қосып келеді.
Міне, біздің сала ардагері Ардақ Мұғалқызы жан-жақты жанашыр ретінде осы өлке тұрғындарының алғысына бөленуде.