Жаңалықтар мен оқиғалар
ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК директоры лауазымына Гүлзира Қалиева тағайындалды.
Орталықтың жаңа басшысын ұжымға Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Алтынай Юнисова таныстырып, Гүлзира Теңізбайқызына жүктелген лауазымның жауапты қызмет екенін айта отырып, сәттілік тіледі.
Гүлзира Қалиева 1979 жылы 5 қарашада Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық кентінде дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін тәмамдаған. ҚР Мәдениет саласының үздігі. 2010 жылдан бері Темір аудандық мәслихатының депутаты.
1999-2002 жылдары Шұбарқұдық кентіндегі №4 қазақ орта мектебінде бастауыш мұғалімі болып еңбек жолын бастады.
2005 жылы Темір аудандық музейінің кіші ғылыми қызметкері, 2007 жылы Темір аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2010-2022 жылдары Н.Байғанин атындағы Темір аудандық мәдениет үйінің директоры, 2023 жылы Темір аудандық музейінің директоры болып қызмет еткен.