Жаңалықтар мен оқиғалар
ӘДІЛБЕК САРИН «ЖЫЛ АДАМЫ» АТАНДЫ

Бүгін өңір басшысы Асхат Шахаров «Алтын бесік - 2023» жылдың қорытынды шарасы аясында елеулі еңбектерімен игі істерге бас болған жандарды мерекемен құттықтап, оларға жаңа табыстар тілеп, үздіктерді марапаттады.
Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, жырау Әділбек Саринге дәстүрлі жыр өнерін жандандырудағы еңбегімен облыстың мәдени және ұлттық өнеріне қосқан үлесі үшін «Ақтөбе облысының жыл адамы - 2023» атағы берілді.