Жаңалықтар мен оқиғалар

6 желтоқсан күні облыстық халық шығармашылығы орталығында АГУ «Тарлан» колледжінің білім алушысы, жас өнерпаз Мансұр Нұржановпен «Өнердің сазды өрнегі» атты кездесу кеші өтті. Шара алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы бейнероликтертерді көрсету ұйымдастырылды.
Кездесу барысында талантты Мансұр Нұржанов көрермендерді қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, өзінің авторлық әндерін гитара аспабында ойнап, шырқады.Сондай-ақ жастар, мәдениет саласының қызметкерлері, ата-аналар қатысқан шарада облыстық халық шығармашылығы орталығының заңгері Бақытгүл Усерова сыбайлас жемқорлық салдарының қоғамға тигізер зияны туралы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру қажеттігі - бұл заман талабы екендігін айтып, ұжымдағы комплаенс-қызметі туралы түсіндіріп өтті.