Жаңалықтар мен оқиғалар
ҚАРҒАЛЫДА ШЫРҚАЛҒАН ШӘМШІ ӘНДЕРІ

29 қараша күні Қарғалы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық әртісі, композитор, қазақ мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер “ Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған “Әуелейді, Шәмші әні!”атты облыстық ретро әндер байқауы өтті.
Байқауға Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының классикалық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, әнші Нұртас Омаров, облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі, композитор, әнші Сейсен Айтжанов және «Екі езу» сатира театрының актері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Бекбол Татебаев қазылық етті.
Ал «Шәмші» қорының төрағасы Қайырғали Арыстанғалиев және мүшесі Марат Досмағамбетов арнайы қонақ болып қатысты.
Бас жүлдені Байғанин ауданының өнерпазы Ақбота Тәжімағанбетова жеңіп алды. Бірінші орынды қарғалылық Ару Бисенбаева иеленді. Екінші орынға қобдалық Нұрдәулет Қуандық, ал үшінші орынға Ақтөбе қаласынан келген Ақторғын Ноғаева лайық деп танылды.
Арнайы жүлде шалқарлық Гүлсана Дәрібаеваға табысталды.
«Шәмші» қорының арнайы сыйлығымен ырғыздық Ғаламжан Әбдіжәлел марапатталды.