Жаңалықтар мен оқиғалар
МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ ӨНЕР ШАШУЫ

2023 жылғы 27 қараша күні Жетесовтердің «Шашу» халықтық отбасылық ансамблінің «Айналайын» атты концерті өтті.
Отбасылық ансамбль 2004 жылдан бері сахнада өнер көрсетіп келеді. Облыстық халық шығармашылығы орталығы жанынан құрылған «Шашу» — ұлттық өнерімізді, соның ішінде дәстүрлі әніміз бен күйімізді дәріптеп келе жатқан өнер ұжымы.
«Шашу» - Рим Папасы Францисктің алдында өнер көрсетіп, көптеген байқау мен фестивальда жеңіске жетті. Көрермендерін риза қылып, ықылас пен зор қошеметке бөленіп, айтулы тұлғаларды мойындатқан атақты ұжым.
Ансамбль жетекшілері 26 ұл-қызды бауырына басқан отбасының ата-аналары, Өмірхан Жетесов пен Амангүл Ешпанова ерекше ансамбль құрып, киелі сахна төрінде қайталанбас өнерімен елдің ықыласына бөленген атақты «Шашу» халықтық ұжымына 19 жыл толып отыр.
Құрылған күнінен бастап, үлкен ізденістің арқасында ансамбль халық әндері, күйлері, жырлары, қазақ композиторларының туындыларынан тұратын репертуарымен өз тыңдарманын тауып жаңа белеске шықты.
"Шашудың" музыка жетекшісі, белгілі композитор, ҚР Мәдениет саласының үздігі Бауыржан Ақтайдың жазған авторлық шығармалары көрермендердің көңілінен шығып, олардың ықыласы мен ризашылығына бөленді.
Өнер ұжымына Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Алғыс хатын облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева табыстады. Сондай-ақ Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов сөз сөйлеп, сый-сияпатын ұсынды.
Ұлттық аспаптардың үнін асқақтатқан мәдени шараға «????????????????????????» этно-фольклорлық ансамблі, «Алатау серілері», КОМПОЗИТОР Нұрталап Жүсіпов арнайы қатысып, «Шашумен» бірге ұлтымыздың күй-жырлар қазынасынан шашу шашып, тыңдарманды баурап алды.
Олар кеште Б.Тәжібаевтың «Ақ бұлақ», Қазанғаптың «Ақжелең», С.Тұрысбектің «Көңіл толқыны», халық әні «Сыр гүлі», Б.Ақтайдың «Қара жорға», «Қайран елім» сынды көпшіліктің көңілінен орын алған шығармалармен қатар, «Алаш ұраны», «Алаш аманаты» деген жанға рух сыйлайтын туындыларды орындап шықты. «????????????????????????» этно-фольклорлық ансамблінің және «Шашулық» домбырашылардың күй тартысы кештің шырайын келтіре түсті. «Алатау серілерінің» ақын Р.Зайытовтың сөзіне жазылған «Әлди-әлди, Жарқынай» әні жүректі тербетті.
Әрбір шығармашылық нөмірге қошеметін аямаған көрермендер әдемі кештен көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.