Жаңалықтар мен оқиғалар
АҚТӨБЕДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

2023 жылғы 18 қараша күні Ақтөбеде қазақтың ұлы ханы Әбілқайыр ханның 330 жылдығына арналған «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» атты республикалық ақындар айтысы өтті.
Жыр додасын ашып, құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Асхат Шахаров ақындарға сәттілік тіледі.
Сөз бәйгесіне еліміздің Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар өңірлері мен Шымкент қаласынан 7 ақын, Ақтөбе облысынан 5 ақын қатысты. Атап айтсақ, айтыскерлер Ержан Әміров (Қызылорда), Біржан Байтуов (Түркістан), Өміржан Көпбосын (Астана), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар), Серік Қуанған (ШҚО), Нұрмақан Жақып (Көкшетау), Дидар Қамиев (Астана), Жұлдыз Қожабекова, Марат Ахметов, Жәнібек Бейбітов, Аруна Керімбек, Нұрбол Жауынбаев.
Ал олардың өнеріне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, ақындар Мэлс Қосымбаев, Жанарбек Әшімжан, Бекжан Әшірбаев, Оралбай Кометия, Сәтжан Дәрібай баға берді.
Айтысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын Аманжол Әлтай жүргізді.
Нәтижесінде бас жүлде 1,5 млн теңге ақтөбелік Нұрбол Жауынбаевқа бұйырса, бірінші орынды Өміржан Көпбосын (1 млн теңге), екінші орынды Ержан Әміров пен Аспанбек Шұғатай (800 мың теңгеден), үшінші орынды Біржан Байтуов пен Марат Ахметов (500 мың теңгеден) өзара бөлісті. Ал Дидар Қамиев, Серік Қуанған, Нұрмахан Жақып, Жұлдыз Қожабекова, Аруна Керімбек, Жәнібек Бейбітовке ынталандыру сыйлығы 300 мың теңгеден берілді.