Жаңалықтар мен оқиғалар
«РУХАНИ ҚАЗЫНА-2023»: 8 АТАЛЫМ БОЙЫНША АНЫҚТАЛДЫ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің арасында өткізілетін «Рухани қазына – 2023» республикалық фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Комиссия құрамында Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс және кітапхана жұмысы бөлімінің басшысы Назимат Демешова, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ облыстық филиалының төрағасы Назира Табылдинова, облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының у.м.а. Гүлнар Сейталина болды. Олар облыстық кезеңге өтінім берген, өңірдегі Мәдениет үйлері, клуб қызметкерлерінің 13 өтінімін саралап шықты. Солардың арасынан мамандар ең үздік дегенін 8 аталым бойынша таңдап алды.
Осы облыстық кезеңнен өткен қатысушылар енді республикалық фестивальге қатысатын болады.