Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

"ЕР ЕДІГЕ» ЖЫРШЫЛАРЫНЫҢ ЖАРҚЫЛЫ

"ЕР ЕДІГЕ» ЖЫРШЫЛАРЫНЫҢ ЖАРҚЫЛЫ
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ұйымдастыруымен Орал қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші-термеші Қаламқас Орашеваның шығармашылғына арналған «Көмейінде күміс жыр» атты V аймақтық дәстүрлі өнерді дәріптеуші қыз-келіншектер байқауына «Ер Едіге» жыр мектебінің жас жыршылары, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің білім алушылары қатысып, бірнеше аталымның иегерлері атанды. Атап айтсақ, Марабай жырау атындағы жүлде - Дильназ Қуаныш, Әбубәкір Кердері атындағы жүлде - Жанерке Құттығай, Қазтуған жырау атындағы жүлде - Дария Жұмағұлова, Шернияз шешен атындағы жүлдеге - Сымбат Жомартова ие болып, марапатталды.
 
Облыстық халық шығармашылығы орталығы «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, жырау Әділбек Сарин.