Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ӨҢІРДІҢ КӨРКЕМӨНЕРПАЗДАР ҰЖЫМДАРЫ СЫНАҚТАН ӨТТІ

ӨҢІРДІҢ КӨРКЕМӨНЕРПАЗДАР ҰЖЫМДАРЫ СЫНАҚТАН ӨТТІ
Ақтөбеде көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атақ беру бойынша комиссия отырысы өтті.
Облыста жаңадан «халықтық» және «үлгілі» атақтарына 22 көркемөнерпаздар ұжымы өз өтінімдерін ұсынып, олар мемлекеттік қызмет көрсету үлгісімен тіркелді. Атап айтсақ, Әйтеке би, Қобда, Қарғалы, Мұғалжар, Хромтау аудандық мәдениет үйлері, Ақтөбе қаласының Сазды, «Геолог», қазақ зағиптар қоғамы, Қурайлы мәдениет үйлері, «Қоғамдық келісім» мекемесі, Оқушылар сарайының  және жеке көркемөнерпаздар ұжымдары өнерлерін көрсетті.
Комиссияға Астанадан келген Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Репертуарлық. саясат және өңірлік қызметті үйлестіру басқармасының басшысы Рига Онаева төрағалық етті.
Комиссия төрағасы және жанр бойынша құрылған мүшелері ұжымдардың көрсеткен өнерлерінің соңында көркемдік жетекшілеріне сұрақ қойып, олардың жай-күйі, дамуы жайлы сұрай отырыа,  олардың жұмысына жақсы баға берді.