Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ШАЛҚАРЛЫҚ ЖАСТАР АЙТЫСКЕР АҚЫНМЕН КЕЗДЕСТІ

ШАЛҚАРЛЫҚ ЖАСТАР АЙТЫСКЕР АҚЫНМЕН КЕЗДЕСТІ
Шалқар ауданы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасын жүзеге асыру мақсатында облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер халықаралық одағының Ақтөбе облысы бойынша филиалының жетекшісі Марат Ахметовпен «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты кездесу кеші өтті.
  Кездесуде айтыс өнерінің өңірде дамуы жайында сөз қозғап, жас ақындардың өнерін тамашалап, сондай-ақ ауданда төл өнерді дамытуға, әсіресе, жастарды қолдап, олардың өсуіне мүмкіндік беруге үлес қосып отырған Оқушылар сарайының директоры Қайрат Тілешке және оқытушысы, айтыс ақыны Аруна Керімбекке алғысын білдірді.