Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Ұлы Жібек жолындағы жаңғырған «Көкжар жәрмеңкесі» аясындағы «TAРЫ FEST» республикалық этнофестивалі

«Ұлы Жібек жолындағы жаңғырған «Көкжар жәрмеңкесі»  аясындағы  «TAРЫ FEST» республикалық  этнофестивалі
         2023 жыл Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 75-сессиясында Халықаралық тары жылы болып жарияланды.
Осыған орай 7 қазан күні ақ тарының отаны саналатын Ойыл ауданында облыс және аудан әкімдіктерінің қолдауымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығы «Тары Fest» республикалық этнофестивалін ұйымдастырды.
         Шараның салтанатты ашылуында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров көрмелерді аралап, тары өнімдерінен жасалған тағамдардан дәм татып, құттықтау сөзінде этнофестивальдің киелі мекен Ойылда өтуінің маңыздылығын атап өтті.                                                     
Республикалық этнофестиваль «Қазақ даласындағы Көкжар:  «Әлем, тарих, тары» атты республикалық танымдық конференциясымен ашылды.                                                                                                                                                                                                                     
         
Конференцияның жұмысына облыс және аудан әкімдіктерінің басшылары, Шығанақ Берсиевтің ұрпақтары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен тарихшылар, ақын-жазушылар, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері, диханшылар, облысымыздың 11 ауданы, Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы, Атырау облысының Қызылқоға ауданынан келген қатысушылар және БАҚ өкілдері қатысып, баяндамалар жасалып, ұсыныс-пікірлер айтылды.
          
Игі шара Ойылдың құрметті азаматы, мәдениет саласының үздігі Нұрлыбек  Қалауовтың авторлығымен «халық» театры ұсынған «Шығанақ» қойылымымен жалғасты. Сонымен бірге Ойылға жиналған қауым «Этно-fashion» көрсетілімін, қолөнер шеберлерінің көрмесін, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер асық ату, ләңгі ойындарына қатысты.
           
Алаңға бірнеше қазандықтар құрылып, тары қуырылды. Аудандардан келген қатысушылар «Тары қуыру», «Тары келі-келсаппен түю және ұшыру», «Диірменшілер», «Тарыдан жасалатын өнімдер», «Кимешектер шеруі» байқауларында бақ сынасты. Қазылар алқасының шешімімен байқаудың І орны —  Ойыл ауданына, ІІ орын — Алға, Мұғалжар аудандарына және ІІІ орын БҚО Қаратөбе ауданы, Қарғалы және Қобда аудандарына бұйырды.
             
Тары фестивалі аясында өткізілген тары қуыру, тары түю және ұшыру, дирменшілердің талқаны, тарыдан жасалған өнімдер, кимешектер шеруі байқауларының жүлдегерлері ақшалай сертификаттар мен дипломдар және облыс әкімі орынбасарының  Алғыс хаттарымен марапатталды.