Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘРІПТЕСТЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘРІПТЕСТЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығының Мәдени-демалыстарды ұйымдастыру бөлімінің әдіскері Эльмира Айсина бастаған, Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің, қалалық Мәдениет сарайының және Бәйтерек, Теректі, Жаңақала, Қазталов, Қаратөбе аудандық мәдениет үйлерінің әдіскерлері Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығында болды.
Ұжымның шығармашылық жұмысымен танысып, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы базасындағы Қазақстандағы алғашқы креативті орталыққа барып, әріптестерімен өзара тәжірибе алмасты.