Жаңалықтар мен оқиғалар
«ЕР ЕДІГЕ» ЖЫР МЕКТЕБІНІҢ ЖАРҚЫН ЖОБАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Биыл жыл басынан бері «Ер Едіге» жыр мектебінің жас буын өкілдерін тәрбиелеу, олардың ұлттық музыкаға деген ынта-жігерін, үйренемін деген ықыласын қалыптастыру мақсатындағы тың жобаларының бірі – «Sarqyt» музей-мейрамханасындағы «жырау шәй» отырысы тұрақты өтіп келеді.
«Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, жырау Әділбек Сарин әр сенбі күні сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін «Sarqyt» музей-мейрамханасында «жырау шәй» ұйымдастырып, ұлтымыздың жыр жауһарларын шәкірттерінің бойына сіңіріп, үйретіп қана қоймай, қала тұрғындары мен қонақтарына өнерлерін паш етіп келеді.