Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ТАРАС ШЕВЧЕНКО КӨШЕСІНДЕГІ ДОМБЫРА КЕШІ

ТАРАС ШЕВЧЕНКО КӨШЕСІНДЕГІ ДОМБЫРА КЕШІ
✅Ұлттық домбыра күні қарсаңында Ақтөбе қаласындағы Т.Шевченко көшесінің домбыра тыңдағысы, домбыра тартқысы келетін тұрғындары өз еркімен жиналып, аулада әдемі кеш өткізді.

✅Игі шараның өтуіне мұрындық болып отырған зейнеткер, бұрын Исатай ауданының мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған Сағидулла Сарықұловтың бұл ісі өте құптарлық дүние.

✅Осы көшенің тұрғыны, біздің әріптесіміз, «Әдеп» халықтық тобының жетекшісі, «Еңбек даңқы» төсбелігісін иегері Қуанышгүл Серікбаева мағыналы шараға атсалысып, домбырамен ән шырқады.

✅Бұрын-соңды мұндай басқосу болған жоқ десек, артық айтқандық болмас. Ал көше тұрғындарының үлкендері бастап, жастары қолдаған қарапайым ауладағы кеші - ұлттық музыкалық аспапқа деген сүйіспеншілігі мен құрметінің анық көрінісі.