Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

КҮЙШІЛЕР ҚАРҒАЛЫДА БАСҚОСТЫ

КҮЙШІЛЕР ҚАРҒАЛЫДА БАСҚОСТЫ
Қарғалы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне арналған «Күмбірлеген күміс күй» атты облыстық күйшілер байқауы өтті.
Күйшілер додасына Ойыл, Қобда, Темір, Мұғалжар, Алға, Қарғалы аудандары және Ақтөбе қаласынан 8 өнерпаз қатысып, облыстық байқауда бақ сынады. Қатысушылар ереже бойынша төкпе және шертпе күйден тартты.
Байқау нәтижесінде бас жүлде қарғалылық Арыстанбек Аманқосовқа бұйырды, ал бірінші орынға Ақтөбе қаласынан келген Ернақ ие болды. Екінші орынға темірлік Әлихан Бақтыбай, үшінші орынға алғалық Бекзат Әбдіқалық лайық деп танылды.
Жанына домбырасын серік еткен күйшілердің барлығына дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.