Жаңалықтар мен оқиғалар
БАЙҒАНИНДІК ДИАС ОРЫСБАЙ БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ

15 маусым Кеңес одағының батыры, қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлованың туған күні — Қобда ауданы Әлия ауылында «Әлия – өшпес ерлік» атты облыстық патриоттық ән байқауы өтті.
Қобда ауданы әкімдігінің қолдауымен Мәдениет үйі ұйымдастырған байқауға өңірдің аудандарынан 8 үміткер қатысты.
Байқауда, ережеге сәйкес, үміткерлер екі кезең бойынша сынға түсті. Бірінші кезеңде қатысушылар патриоттық, ал екінші кезеңде еркін тақырыптағы әндерді шырқады.
Әншілердің өнерін Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары, “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Нұртас Омаров, облыстық халық шығармашылығы орталығының мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, ҚР мәдениет саласының үздігі Гүлнара Романова, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының әншісі, ҚР мәдениет саласының үздігі Жұлдыз Нұрқасымова бағалады.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Байғанин ауданынан қатысқан Диас Орысбай бас жүлдені жеңіп алды.
Бірінші орынды Темір ауданынан келген Жансұлтан Әбікенов иеленді.
Екінші орын мұғалжарлық Алан Оспанға бұйырды.
Ал үшінші орын Мәртөк ауданынан қатысқан Фариза Мұсағалиева мен қобдалық Қадырбек Мұңатбайға берілді.
Жүлдегерлерге ақшалай сертификаттар табысталды.