Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

ТАШКЕНТТЕН ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛОРДАДАН БАС ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛҒАН «ШАШУ» ӨНЕР ҰЖЫМЫН АҚТӨБЕЛІКТЕР СӘН-САЛТАНАТЫМЕН КҮТІП АЛДЫ

ТАШКЕНТТЕН ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛОРДАДАН БАС ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛҒАН «ШАШУ» ӨНЕР ҰЖЫМЫН АҚТӨБЕЛІКТЕР СӘН-САЛТАНАТЫМЕН КҮТІП АЛДЫ
7-13 маусым аралығында Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығының «Шашу» халықтық отбасылық ансамблі Қызылорда облысы Қазалы ауданында күйші, қобызшы, музыкант Махамбет және Романқұл Әуезовтер атындағы «Қастерлеп жүрсін өнеріңді ұрпағың» атты республикалық отбасылық ансамбльдер байқауының және Ташкент қаласында өткен «Дарындар сазы» VII Халықаралық өнер фестивалінің бас жүлделерін және жеке-дара өнер көрсетіп, бірнеше I орын иеленіп, оралды.
Өнер ұжымын әріптестері, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымы, «Aqtóbe» телеарнасының түсірілім тобы, облыстық «Дәстүрге жол» жобасының мүшелері, облыстық білім басқармасының өкілдері, қалалық білім бөлімінің басшысы Меткүл Қосымбаева сән салтанатпен күтіп алды.