Жаңалықтар мен оқиғалар
«ШАШУ» ХАЛЫҚТЫҚ ОТБАСЫЛЫҚ АНСАМБЛІ ҚАЗАЛЫДА ӨТКЕН БАЙҚАУДЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

Бүгін Қызылорда облысы Қазалы ауданында күйші, қобызшы, музыкант Махамбет және Роман Әуезовтер атындағы «Қастерлеп жүрсін өнеріңді ұрпағың» атты республикалық отбасылық ансамбльдер байқауының бас жүлдесін Ақтқөбе облыстық халық шығармашылығы орталығының «Шашу» халықтық отбасылық ансамблі жеңіп алды.
Ансамбль жетекшілері – белгілі жыршы Өмірхан Жетесов пен әнші, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Шапағат» медалінің иегері Амангүл Ешпанова.
Ансамбль жетекшілері – белгілі жыршы Өмірхан Жетесов пен әнші, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Шапағат» медалінің иегері Амангүл Ешпанова.
Олар өздерінің балаларынан бөлек, 23 ұл-қызды (өзге ұлттардан да бар) бауырына басқан өнерлі шаңырақ иелері.
Балаларының бірі жыр жырласа, бірі домбыра мен қобыздан басқа, жетіген, шертер, шаңқобыз, асатаяқ, сырнай, сазсырнай, сыбызғы, дауылпаз, тұяқтас және өзге де аспаптарда шебер ойнайды. Отбасы мүшелерінен құ¬ралған ансамбль қазір көпшілікке танымал. Ансамбльге деген сұраныс өте жоғары. Бүгінде ансамбль концерттер беріп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүр.