Жаңалықтар мен оқиғалар
ӘРІПТЕСТЕР МАРАПАТ БИІГІНДЕ
Ақтөбедегі «Көк жайлау» демалыс орталығында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, марапаттады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім жетекшілері Гүлнар Романоваға, Алтынкүл Губайдулинаға, дизайнері Айбек Орынбасаровқа, облыс әкімінің Құрмет грамотасын облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Сисен Айтжановқа тапсырды.
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова Алғыс хатын облыстық халық шығармашылығы орталығының операторы Нұртуған Алдамжаровқа, автокөлік жүргізушісі Жалғаспай Камиевке, «Шашу» халықтық отбасылық ансамблінің жетекшісі, республикалық байқаулардың лауреаты, жыршы Өмірхан Жетесовке табыстады. Ал арнайы "Үздік мәдениет қызметкері" аталымымен облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім жетекшісі Баубек Дарханбаев марапатталды.
Бұл күні марапатқа ие болған өңірдің мәдениеті мен өнер саласындағы барлық әріптестерімізді құттықтаймыз!
Сіздерге денсауылқ, отбасы мен жан-жақтарыңыздың амандығын және шығармашылық табыс тілейміз!