Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

РусскийҚазақ
В Актобе
°C

Жаңалықтар мен оқиғалар

НҰРСҰЛУ ТАПАЛОВА 100 ЖЫЛ

НҰРСҰЛУ ТАПАЛОВА 100 ЖЫЛ
          25-26 мамыр күндері Ақтөбе қаласында Қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш балет бишісі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі Нұрсұлу Тапалованың туғанына 100 жыл толуына арналған республикалық тәжірибелік конференция және «Аққу — 2023» республикалық бишілер байқауы өтті.
          Облыс әкімдігі мен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының бірлескен Н.Тапалованың 100 жылдығына арналған іс-шаралар аясында фотокөрме, «Aqtóbe» телеарнасымен бірлесе түсірген «Би әлемінің биігі» деректі фильмінің тұсаукесері, сондай-ақ би ұжымдарына арналған шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар легі — Нұрсұлу Тапалованың мерейтойына арналған тамаша тарту болғаны сөзсіз.
          Конференцияда Қазақстанның ең­бек сіңір­ген әртісі, ұлттық хореография өне­рін зерттеуші профессор Тойған Ізім, Серәлі Тілеубаев сынды ғалымдар, белгілі хореограф Серік Сариев Нұрсұлу Тапалова шығармашылығының әлі де зерттеле түсуі керектігін баса айтты.
Байқауға Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарынан, Шымкент қаласынан және өз аймағымыздан 9 өнер ұжымы қатысты. Бәрі де — көпжылдық тарихы бар, елімізде ғана емес, шетелдерде де өнер көрсетіп, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып жүрген белгілі ұжымдар. Ақтөбе облысының атынан би бәйгесіне «Аққу» би ансамблі қосылды.
          Ақтөбеліктер екі күн бойы би өнерінің мерекесіне куә болды.
Қазылар алқасының шешімімен байқаудың бас жүлдесін Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияның «Аққу» би ансамблі жеңіп алды. І орынды — шымкенттік «Қарагөз» би ансамблі, ІІ орынды қызылордалық «Томирис» би ансамблі  жеңіп алды. ІІІ орынға үш ұжым лайық деп танылды: «Пируэт» (Шығыс Қазақстан), «Арна» (Батыс Қазақстан) және «Ақкербез» (Жамбыл облысы) би ансамбльдері. Өзге қатысушылар дипломант атанды. Барлық жүлдегерлер мен дипломанттарға ақшалай сыйлықтар тапсырылды.
          Байқау аяқталғаннан кейін Тоты Шоқырқызы анасының туған жерінде болып, аудандық Мәдениет үйінде жұртшылықпен кездесті, ойылдықтардың сый-құрметіне бөленді.