Жаңалықтар мен оқиғалар
ЖҰРТ ЖАДЫНДАҒЫ ЖҮРГЕНОВ

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Әйтеке би ауданының орталығында көрнекті мемлекет қайраткері, ұлтымыздың жазықсыз атылған ардақты перзенттерінің бірі — Темірбек Жүргеновтің ескерткіші алдында өтті.
Репрессияның құрбанына айналған ұлылардың әрқайсысы қайсарлықпен елі үшін соңына дейін күресті. Соның бірегейі – Темірбек Қараұлы Жүргенов. Небәрі 39 жасында Кеңес Одағының қанды шеңгеліне ілінген тұлға, ұлтын, елін, жерін шексіз сүйді деп нық сеніммен айта аламыз. Ол – Қазақстанның әдебиет, мәдениет, өнер саласының ғана талантты өкілі емес, елдің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Өмірінің соңына дейін қазақ еліне адал қызмет етіп, халық алдында үлкен беделге ие болды. Өзі өмірден ерте өткенімен атқарған ісі, жасаған қызметі, ел болашағы үшін сіңірген еңбегі ел жадында сақталады.
Шарада Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары Н.Нажмадинов, ауданның құрметті ақсақалы Р.Бозбетов сөз сөйлеп, ауыл ақсақалы Ж.Махамбетов саяси қуғын-сүргін құрбандарына құран бағыштады.
Т.Жүргенов атындағы ЖОББМ жас мамандары мен М.Жұмабаев атындағы ЖОББМ оқушылары арнау өлеңдерін оқыды.
Жиналған қауым Т.Жүргенов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.