Жаңалықтар мен оқиғалар
ЖАСТАР ӨҢІРДІҢ АЙТЫСКЕР АҚЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық халық шығармашылығы орталығының жас айтыскерлер үйірмесінің жетекшісі, ақын Айболат Көшкінбайдың ұйымдастыруымен «Ақын - ұлттың жүрегі, шешен - көптің тірегі" атты кездесу кеші өтті.
Мақсат - өңірдегі айтыскер ақындардың шығармашылығын насихаттау, өлеңнің қыры мен сырын түсініп, өскелең ұрпақты ана тілін құрметтіп, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Өңірде айтыс өнеріне сүбелі үлес қосып, дамуына септігін тигізіп жүрген ақтөбелік айтыскер ақындар оқушылармен кездесті.
Атап айстақ, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының Ақтөбе облысы филиалының төрағасы Марат Ахметов,
Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, ақын Нұрболат Даутов, республикалық айтыстардың жүлдегері ақын, ұстаз Жәнібек Бейбітов, жас ақын, оқушылар айтысының жеңімпазы Арай Нұраддин.
Кеш ақындардың айтыс аламанындағы шығармашылығы туралы түсірілген бейнероликтен басталып, көрермендер тарапынан қойылған қызықты сұрақтарға, ақындық қабілетке негізделген интеллектуалды ойындармен жалғасты
Кездесуде ақындар айтыс өнері, оның өңірде дамуы жайында, шәкірттері туралы ойын білдіріп, пікірлерін айтты. Сондай-ақ шәкірт тәрбиелеп, олардың талай бәйгелерді жеңуде зор үлес қосып отырған от ауызды, орақ тілді ақындарымыз ұйқас тауып жарысып, шешендік сауалға шумақпен жауап беріп, жастарды өз таланттарымен тәнті етті. Жас буын қызығушылық танытып көп алдында жүрген ақындарымыздың әр сөзін елітіп тыңдады.
Әсіресе, өз қатарластары Арай Нұраддиннің кеш соңында қасиетті домбыраны қолға алып, сызылта сайраған арнауына риза болып, қол соқты.
Бір сағатқа созылған қысқа да нұсқа, мәнді де мазмұнды кеш көздеген мақсатына жете білгені сөзсіз.